Алматы полициясы 600 есірткі ресурсын бұғаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Есірткі қылмысымен күресушілер өткен жылы 420 профилактикалық іс-шара өткізген.
"Азаматтар мен еріктілердің белсенділігінің арқасында бетбелгі қоюшыларды әшкерелеу, есірткінің таралуы туралы ақпарат бар граффити жазбаларды анықтау және бояу бойынша бірлескен жұмыс жақсарғанын атап өткім келеді. Өткен жылы барлығы 8 мың 540 граффити-сурет анықталды және боялды. Осы суреттерді салғаны үшін 8 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, біздің бөлімшенің қызметкерлері тыйым салынған контенті бар 597 сайтты бұғаттау үшін ақпарат жіберді. Бұл ресурстардың жастар арасында танымал болуы алаңдатады. Сондай-ақ қызметі қылмыстық сипатта болуы мүмкін 5 интернет-есірткі дүкенін назарға алдық", – деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Сондай-ақ Әлмағамбетов бүгінде нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алуда көрнекі платформалар белсенді түрде қолданылып жатқанын айтты: 8 метро станциясының 42 мониторында және қоғамдық орындарда орналасқан 72 LED-экранда анонимді сенім телефоны (WhatsApp 8-705-549-70-25) бар әлеуметтік роликтер көрсетіледі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!