- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдан 55 шақырым...
Алматыдан 55 шақырым жерде 4.6 балл жер сілкінісі болды
Алматыдан 55 шақырым жерде жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін сағат 9:10-да ҚР ТЖМ " Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция "ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 55 км аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.3. MPV магнитудасы 4.6. Эпицентрдің координаттары 43.32°с.ш. 77.57° в.д.
Тереңдігі 10 шақырым.(МЅК-64 шкаласы бойынша) Алматыда 2 балл сезілді.
Тиісті мекемелерді хабардар ету бойынша ешқандай зақым болған немесе қираған жағдай байқалған жоқ, жағдай тұрақты.
"112" және "101" жүйелеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ. "Қазселденқорғау" ММ мәліметтері бойынша гидротехникалық құрылыстарда, көшкін қауіпті және сел жүру қаупі бар учаскелерде бүліну, шөгу және жарықшақтар анықталған жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина