Алматыдан 507 шақырым қашықта жер сілкінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz тееарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, жер сілкінісі 6 шілдеде Астана уақыты бойынша 19:34-те тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 507 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға жер сілкінісіне байланысты кеңес берді.
- Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- Жер сілкінуі кезінде лифт және баспалдақты қолданбаңыз;
- Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;
- Жасырынатын жерді табыңыз, жоғары қабаттарда іргедегі қабырғалардың бұрышына жасырыныңыз;
- Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
- Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңіз болса өшіріңіз;
- Дабыл сөмкесін алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- Электр желілеріне, ғимарат, ағаштарға жақындамаңыз;
- Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
- Қарттарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек