Алматыдан 447 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

4 мамыр күні сағат 11:45-те ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дүмпу ошағы Алматыдан солтүстік-шығыс бағытта 447 шақырым жерде, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан.

"Эпицентрдің координаттары: 41,670° солтүстік ендік, 82,310° шығыс бойлық. Қазақстан аумағында сілкініс сезілмеген", – делінген министрлік таратқан мәліметте.

Айта кетейік, бұған дейін, 1 мамырда Алматы облысының Кеген ауданындағы Қарқара ауылынан 10 шақырым жерде, яғни Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 201 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелген еді. Сонымен қатар Қырғызстанның Қазақстанмен шекаралас аумағында да жерасты дүмпуі байқалған болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!