Қазақстандық сейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Магнитудасы 5 болатын жер асты дүмпуі Астана уақытымен 12:15-те Қытай аумағында тіркелген.
Өз кезегінде Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) 4,6 магнитудасын көрсеткен. Картаға сүйенсек, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 436 шақырым жерде орналасқан.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова