Алматыдан 364 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Алматыдан 364 шақырым жерде жер сілкінісі болды
Фото: Скриншот Google Картадан

2025 жылғы 19 қаңтарда Астана уақытымен сағат 11:30-да Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Алматы қаласынан 364 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 364 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы 4,4 құрады. Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2025 жылғы 17 қаңтарда Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 220 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген болатын. Жетісу облысы Жаркент қаласында және Алматы облысы Шонжы ауылында жер сілкінісінің күші 2 балды құрады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Бақдаулет