Сейсмологтар Алматыдан 257 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 19 мамырда Астана уақытымен 05:45-те тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,5. MPV магнитудасы - 5,0", - делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің Қазақстанда сезілгені туралы ақпарат жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз