Алматыдан 257 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

Алматыдан 257 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев

Сейсмологтар Алматыдан 257 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 19 мамырда Астана уақытымен 05:45-те тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,5. MPV магнитудасы - 5,0", - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің Қазақстанда сезілгені туралы ақпарат жоқ. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек