Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 253 шақырым жердегі жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жер асты дүмпуі 16 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 05:12-де тіркелген.
"Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 253 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінісі болды.
Бұған дейін Алматыда ірі жер сілкінісі қашан болды?
Алматы тұрғындары 2024 жылы 23 қаңтарда жер сілкінісін сезді. Түн ішінде болған дүмпу халықтың үрейін ұшырып, біраз уақытқа дейін қорқыныш қалып қойды.
Көктем басталысымен, 2024 жылы 4 наурызда қалада тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Бұл да қала тұрғындары мен қонақтарын үрейлендірді.
Еске салайық, бұған дейін профессор Әлқуат Нұрмағамбетовпен сұхбаттасып, Алматыдағы жер сілкіністерінің ғылыми негізі туралы сұраған едік.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова