- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдан 246 шақырым...
Алматыдан 246 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Фото:
news.headline.kz
19 шілде күні Алматы уақыты бойынша сағат 19:35-те «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы inform.kz хабарлады.
Оның ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 246 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.7, магнитудасы - 4,3. Тереңдігі - 5 шақырым.
Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.
Н. Айдархан