Бүгін Астана уақыты бойынша 2 сағат 34 минутта Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 242 километр қашықтықта 5,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-тәжірибелік орталығы.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, он бес километр тереңдікте болған. Энергетикалық класы – 11,0.
Жер сілкінісі Алматы облысында сезілмеген. Зардап шеккендер және қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.