Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінісі болды
Фото: Google Карта

Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 234 шақырым жердегі жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жер асты дүмпуі 12 мамырда Астана уақытымен сағат 06:33-те тіркелді.

"Эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 234 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі - 10 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,4. MPV магнитудасы - 4,8", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген. Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісінің қарқыны мынадай болды:

  • Жаңа талап, Аққия, Көк-жар ауылдарында - 3,5 балл;
  • Қыдырәлі, Сары-Иймек, Байченчек - 3 балл.

Бұған дейін Алматыда ірі жер сілкінісі қашан болды?

Алматы тұрғындары 2024 жылы 23 қаңтарда жер сілкінісін сезді. Түн ішінде болған дүмпу халықтың үрейін ұшырып, біраз уақытқа дейін қорқыныш қалып қойды.

Көктем басталысымен, 2024 жылы 4 наурызда қалада тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Бұл да қала тұрғындары мен қонақтарын үрейлендірді.

Еске салайық, бұған дейін профессор Әлқуат Нұрмағамбетовпен сұхбаттасып, Алматыдағы жер сілкіністерінің ғылыми негізі туралы сұраған едік. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget