Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 122 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жер асты дүмпуі 3 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 11:05-те тіркелген.
"Эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 122 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,9. MPV магнитудасы - 4,3", - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ мәліметінше, Қазақстанда жер сілкінісі сезілмеген.
Бұған дейін Алматыда ірі жер сілкінісі қашан болды?
Алматы тұрғындары 2024 жылы 23 қаңтарда жер сілкінісін сезді. Түн ішінде болған дүмпу халықтың үрейін ұшырып, біраз уақытқа дейін қорқыныш қалып қойды.
Көктем басталысымен, 2024 жылы 4 наурызда қалада тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Бұл да қала тұрғындары мен қонақтарын үрейлендірді.
Еске салайық, бұған дейін белгілі профессор Әлқуат Нұрмағамбетовпен сұхбаттасып, Алматыдағы жер сілкіністерінің ғылыми негізі туралы сұраған едік.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова