- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдан 116 шақырым...
Алматыдан 116 шақырым жерде жер сілкінісі болды
Алматыдан 116 шақырым жерде жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жер сілкінісі 4 желтоқсанда елорда уақытымен сағат 16:08-де тіркелген. Оны төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СТӘК" ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі тіркеді.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 116 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты - 7.3. MPV тербелісі - 3.8 Тереңдігі - 10 шақырым. Салдарынан Саты ауылында 2 балдық жерасты дүмпуі сезілді", - делінген "СТӘК" ЖШС сейсмикалық стансалар желісінің хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова