Алматыда үш автобустың соқтығысуына қатысты мән-жай белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға бүгін сағат 09.00-де болған. №54 автобустың жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып алдында келе жатқан №133 автобусқа және "Нексиа" маркалы автокөлігіне соқтығысқан.
Ал №133 автобус инерция бойынша №88 автобусқа соқтығысқан. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.
Жол апатына ұшыраған үш автобус жеке тасымалдаушыларға тиесілі. Оқиғаны Медеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап жатыр. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда үш автобус соқтығысқаны белгілі болған еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!