- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдағы университетке ұлын...
Алматыдағы университетке ұлын грантқа оқуға түсіргісі келген Тараз тұрғыны алданып қалды
Фото:
pixabay.com
Ұлын грантқа оқуға түсіргісі келген Тараз тұрғыны танысына алданып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
11 тамызда Тараздың полиция басқармасына Түймекент ауылының тұрғыны арызданған. Жәбірленушінің сөзінше, 28 шілде күні ұлын Алматының белді университеттерінің біріне грантқа түсіру үшін өзінің танысына 500 мың теңге берген.
Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер Тараздың 31 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Тергеу жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан