Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінен секс-притон анықталды

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінен секс-притон анықталды

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінен секс-притон анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы Әуезов ауданының тұрғыны К. үйінен алыс емес жерден коттедж жалдап, ешбір сыртқы жарнаманы қолданбай, жезөкшелер үйінің жұмысын насихаттаған.

"Көрсетілген мекенжайды тексеру кезінде салон әдеттегі режимде жұмыс істеп тұрды: жұмысшылар "жұмыс орындарында" болды, клиенттер сауықтыру массажының орнына интим қызметтерін алды. Бұл азаматтар жеке басын анықтау және тексеру үшін бөлімшеге жеткізілді. Ғимаратты жалға алушы да белгілі болды. Жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырғаны үшін жауапқа тартылды", - деді Әуезов аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Еділхан Байғараев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова