Алматыдағы "Ақкент" шағынауданындағы тұрғын үй кешенінде болған өрттен 30 адам зардап шекті, оның жартысы балалар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
01.08.2023 жылы сағат 18:30-дағы жағдай бойынша, Алатау ауданы, Ақкент шағынауданында, 54 мекенжайы бойынша болған өрт салдарынан қала ауруханаларына 31 адам жеткізілді, оның 16-сы - бала. Зардап шеккендер арасында қаза болғандар жоқ. Науқастардың денсаулық жағдайы туралы қосымша хабарланатын болады, - деп мәлімдеді Алматы денсаулық сақтау басқармасы.
Сағат 18:46-да өрт толық ауыздықталды.
Айта кетейік, бүгін кешкі сағат 5 шамасында Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы 54-үйден өрт шыққаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған болатын. 300-ге жуық адам қауіпті аймақтан эвакуацияланған. 18:46-да өрт ошағы сөндірілді. 1-ші қабаттан 16-қабатқа дейінгі электр кабелі жанған.
@massaget.kz #16қабат#ақкент#рек#хочуврек#өрт#пожар#рек#хочуврек ♬ оригинальный звук - Massaget.kz
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!