Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағы қайта жаңғырту кезінде толық жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуіне байланысты жаңарту кезінде саябақ аумағы қала тұрғындары мен қонақтары үшін толық жабылады.
"Жоба аясында аумақты кешенді көркейту, инженерлік және жүргінші инфрақұрылымын жаңарту, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ, жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасалады", - деп жазылған хабарламада.
Саябақ жабық болған кезде қала тұрғындары мен қонақтары жақын маңда орналасқан Flow Park аумағын пайдалана алады. Flow Park келушілерге ашық. Оған іргелес аумақты байланыстыратын көпір арқылы өтуге болады.
Тұңғыш Президент саябағы қайта ашылатын күн қосымша хабарланатыны айтылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!