- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдағы топ-3 тиімді...
Алматыдағы топ-3 тиімді тұрғын үй бағдарламасы аталды
Алматыдағы топ-3 тиімді тұрғын үй бағдарламасы аталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімдік мәліметінше, 2022 жылдың қорытындысы бойынша, түрлі жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың арқасында Алматыда көпбалалы және аз қамтылған отбасылар мен жұмысшы жастарды қосқанда 3167 адам қоныс тойын атап өткен.
2023 жылы қандай бағдарламалармен баспана алуға болады?
Оның ішінде, "Шаңырақ" (5-10-20) және "Бақытты отбасы" (2-10-20) несиелік бағдарламалар бойынша тұрғын үйді тиісінше 1988 және 162 адам сатып алды. "Алматы жастары" жастар бағдарламасына 971 адам қатысты. Жалдамалы баспана алу құқығын 46 алматылық пайдаланды.
"Шаңырақ" (5-10-20) және "Бақытты отбасы" (2-10-20) кезекте тұрғандар үшін жеңілдікті бағдарламалардың әкімшісі "Отбасы Банк" АҚ болып табылады. Әкімдікте есепте тұрған, тұрғын үйге мұқтаж азаматтар "Шаңырақ" пилоттық жобасының қатысушылары бола алады. Соңғы алты айдағы әрбір отбасы мүшесінің табысы айына 3,7 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы керек. Тұрғын үйді кез келген жаңа тұрғын үй нысандарынан сатып алуға болады.
"Алматы жастары" бағдарламасын кемінде 1100 адам пайдаланады. Әкімнің шешімімен 2023 жылдан бастап денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлері үшін 100 пәтерге көбейтілді. Әкімдік мәліметінше, 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар үшін 1050 пәтерді жалға беру жоспарланып отыр. Бүгінде Алматыда тұрғын үйге кезекте 38 139 азамат тұр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина