• 502.15
  • 490.7
  • 5.71

Алматыдағы тергеу изоляторынан күдікті қашып кетпек болған

Алматыдағы тергеу изоляторынан күдікті қашып кетпек болған
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Алматыдағы тергеу изоляторынан күдікті қашпақ болды. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қылмыстық атқару-жүйесі комитетінің мәліметінше, ұрлық жасаған күдікті Алматыдағы уақытша ұстау изоляторынан қашпақ болған.

"Қабылданған шаралардың арқасында ол ұсталды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сонымен қатар қызметтік тергеу басталды", - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Еске салайық, былтыр желтоқсан айының басында Алматы полициясы қарауылшы жасақ көлігінен қашып кеткен ер адамға іздеу жариялаған еді. Ол Алматы облысында ұсталды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лес