- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдағы таулы аймақ...
Алматыдағы таулы аймақ құрылысында 150-ден аса заңбұзушылық анықталды
Алматы қаласының прокурорлары таулы аймақ құрылысында 150-ден аса заңбұзушылықты анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаладағы тау бөктеріндегі құрылыста, су қоймасының бойында және ерекше қорғалатын аймақтарда 150-ден аса заңбұзушылық тіркелген.
2022 жылы тұрғындарды төтенше табиғат апаттарынан қорғау мақсатында Алматы қаласының Бас жоспарында тұрғындарды эвакуациялауға мүмкіндік беретін, өзендердің су қоймаларын көгалдандыру шарасы қарастырылған.
"20 жылдан аса уақыттан бері бұл талаптар ескерілмей келеді. Прокуратураның наразылығымен аумағы 200 га "жасыл аймақтан" "қоршалған үйлерге" айналған жобаның егжей-тегжейлі жоспарына бұрын енгізілген өзгертулер жойылды. Тау бөктерлеріндегі жаппай құрылыс пен көпжылдық жасыл желектерді шабудың алды алынды", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, Наурызбай ауданының Жайлау шағынауданында аумағы 13 гектар жеке тұрғын үй құрылысына арналған жалған әкімдік актілерінің күші жойылған, онда таулардың баурайында аз қабатты тұрғын үй кешендерінің құрылысы жоспарланған. Автокөлік жуу орындарының заңсыз жұмыс істеуінің 29 дерегі, сондай-ақ, мақсатқа сай пайдаланылмайтын 15 учаске анықталған. Бұл нысандар су қорғау белдеуінде орналасқан.
Тексеріс барысында қылмыстық іс қозғалған.
Сондай-ақ, Іле-Алатау ұлттық паркіне қарасты жер учаскелерін беру мәселесі көтерілген. Бұл тұста туристік мақсаттарға арналған учаскілерге іс жүзінде коттедждер салынған, аумағы 15 гектардан асатын жер анықталған. Прокурорлар саябақ жалдау шарттарын бұзу туралы 5 арыз берген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова