Алматыдағы танымал сауда ойын-сауық орталығындағы фуд-кортта тарақан өріп жүр. Желіде видеолар тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.
Қала тұрғыны Threads-те жазба жариялап, ол Розыбакиев көшесіндегі Mega-да тарақандарды бірінші рет байқап отырмағанын айтты.
"Фуд-кортта тарақандарды екінші рет көріп тұрмын", - деп жазды ол.
Ол өз сөзін растайтын видеоларды да жариялады.
Жазбаның астында тұрғындар санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдерін тексеруге шақыруды талап етіп жатыр.
Mega желісінің коммуникациялар жөніндегі директоры Мәдина Иманәлиева бұған қатысты түсінік беді.
"Осындай жағдайға тап болғаныңыз өте өкінішті. Біз сауда орталығында жүйелі түрде дезинсекция жүргіземіз. Осы орынды қайта өңдеу үшін ақпаратты әкімшілікке жіберемін", - делінген директордың жауабында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лес