Алматыдағы тағы бір көшеде қозғалыс шектеледі

Алматыда Қалдаяқов көшесінің бір бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

29 тамыз күні сағат 23.00-ден 31 тамыз күні сағат 11.00-ге дейін Мақатаев көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады.

Бұл аумақты Мүслім мен Ришат Абдуллиндер көшесі, Гоголь және Төле би көшелерімен, сондай-ақ Зенков пен Қайырбеков көшелері арқылы айналып өтуге болады.

30 тамыз күні сағат 23.00-ден 1 қыркүйек күні сағат 11.00-ге дейін Төле би көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Зенков, Ришат және Мүслім Абдуллиндер көшелері арқылы айналып өтуге болады.

"Жөнделіп жатқан аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!