Алматыдағы тағы бір көшеде көлік қозғалысы үш күнге шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы жылу желілері" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мекеменің мәліметінше, Алматыда жылу желілері жөнделгеннен кейін жол төсемін қалпына келтіру үшін Есқараев көшесі уақытша жабылады.
"2024 жылы 5 қыркүйек сағат 08:00-ден 9 қыркүйек 06:00-ге дейін Алматының Бостандық ауданындағы көлік қозғалысы Есқараев көшесінде Ермек Серкебаев даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейін жабылады", - делінген хабарламада.
Қозғалыс екі жаққа да шектеледі.
Жылумен жабдықтау желілеріндегі жөндеу жұмыстарынан кейін жолдың асфальтбетон төсемін қалпына келтіру үшін уақытша шектеу енгізіледі.
"Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды және көрсетілген аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", - деп хабарлады "Алматы жылу желілері" ЖШС.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!