Алматыдағы Сүйінбай даңғылы жартылай жабылады

Алматыда 1967 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан құбырды ауыстыру үшін Сүйінбай даңғылында көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алматы жылу жүйесі" ЖШС мәліметінше, Түрксіб ауданындағы Сүйінбай даңғылының бойымен 16 тамыз (жұма) сағат 23:00-ден 19 тамыз (дүйсенбі) таңғы сағат 06:00-ге дейін екі бағытта да автокөлік қозғалысы жабылады.

Уақытша шектеулер белгіленген көше бөлігінің жол бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбыр учаскесін жаңғырту жөніндегі жоспарланған жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілгелі отыр.

"57 жыл бұрын (1967 жылы) пайдалануға берілген, жалпы ұзындығы шамамен 0,7 километрді құрайтын жаңғыртылатын жылу магистралі жылу энергиясын жергілікті қазандықтан мегаполистің солтүстігіндегі аталған секторда орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға жеткізуді қамтамасыз етеді. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз", - деп хабарлады "Алматы жылу жүйесі" ЖШС.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!