Алматыдағы суқоймада келес жүргені рас па?

Алматыдағы суқоймада келес жүргені рас па?

Әлеуметтік желіде Алматыда келес жүргені туралы видео тарады. Tengri Life басылымы бұл жайттың мән-жайын анықтау мақсатында қалалық әкімдіктен пікір алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

TikTok-та суқоймаларының бірінде келес жүргені туралы видео тарады. Автордың сөзінше, келес Алматыда жүр. Бірнеше күннің ішінде видео 2 миллилоннан аса қаралым жинаған. 

Қалалық әкімдік мәліметінше, бұл дерек жайлы құтқару қызметіне ешқандай хабар түспеген. 

"Егер тұрғындардан хабар түскен жағдайда шара қолданылады. Видео Желіде тараған, бірақ нақты қай жерде болған оқиға екені белгісіз. Демек, оқиғаның Алматыға қатысы болмауы да мүмкін", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері. 

@trendtiktok100k #популярное #рекомендации #алматы ♬ оригинальный звук - TrendTiktok

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина