Интернетте Алматыдағы селге қатысты тағы бір видео пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Селдің салдары көрсетілген видео Қарағайлы елдімекенінде түсірілген. Видеодан ауылдағы көшелердің біріндегі сумен ағып келген қоқыстарды көруге болады.
Әкімшілік өкілдері селден зардап шеккен халыққа көмек көрсететіндерін айтып жатыр. Бұны бүгін өткен брифингте Алматы қаласының әкімінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді.
Айта кетелік, бүгін түнгі 3:00 шамасында Алматыдағы Наурызбай ауданында сел ақты. 900-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді.