Алматыдағы саябақта ер адам балаға шабуыл жасаған

Алматыдағы саябақта ер адам балаға шабуыл жасаған
Фото: depositphotos.com

Алматыдағы саябақта ер адам балаға шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

5 тамызда таңғы сағат 08:00 шамасында Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының әскери қызметшілері - подполковник Батыр Тұяқов, майор Медет Махметов, капитан Данияр Баймолдин мен Әсем Әбдірайымова кәмелетке толмаған балаға жасалған заңсыз әрекеттің алдын алып, батылдық танытқан.

Офицерлер Атакент саябағы маңында белгісіз ер адам балаға шабуыл жасап, оны жұдырықпен ұрғанына куә болған. Олар полиция қызметкерлері келгенге дейін күдіктіні ұстап тұрған. 

Құқық қорғау органдары оқиға орнына келгеннен кейін ұсталған адам одан әрі тергеу жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылған.

Зардап шеккен баланың ата-анасы Аслан мен Гауһар Құбаевтар офицерлерге ерекше алғыс білдірді.

"Ер адам кәмелетке толмаған ұлымызға шабуыл жасап, оны ұрып жіберген кезде жанында басқа да балалар болған. Барлығы қатты қорқып қалған. Бақытымызға орай, сол маңда жүрген әскери қызметшілер бей-жай қалмай, бірден араласқан. Олар ер адамды ұстап, полиция шақырып, құқық қорғау органдарына тапсырды", - деді баланың ата-анасы.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget