Алматыда "Қайрат" - "Астана" футбол матчінің өтуіне байланысты Сәтбаев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін Сәтбаев көшесімен көлік қозғалысы Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейін екі бағытта (шығыс-батыс) уақытша жабылады.
"Алматы полициясы қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды, жүріс бағытын алдын ала жоспарлауды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды", - деді ведомство өкілдері.
Еске салайық, бүгін Алматыда Қазақстан премьер-лигасының қорытынды, 26-турындағы басты матч өтеді. Бұл кездесу ел чемпионын анықтайды: алаң иелеріне тең нәтиже жеткілікті, ал қонақтарға титул алу үшін міндетті түрде жеңіс керек. Қазіргі есепте алматылықтарда 58, елордалық командада 56 ұпай бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!