Алматыдағы Рысқұлов-Бөкейханов жолайырығына бұрылатын жол жөндеуге жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Рысқұлов-Бөкейханов жолайырығындағы аумаққа орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі.
2 тамыз сағат 23:00-ден 4 тамыз сағат 11:00-ге дейін жолайырықтың солтүстік-батысқа бұрылатын жолда қозғалыс толығымен жабылады.
"Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!