Алматыдағы Ресей Федерациясының консулдығы ғимараты маңында ұзын-сонар кезек жиналды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін Астадағы Орыс үйі маңында жиналған адамдарды көрсеткен едік. Айта кетейік, бүгін Ресей Федерациясының президенті сайлауына дауыс беру өтіп жатыр.
Мassaget.kz редакциясына келген кадрларға қарағанда, кезек Манас көшесін бойлап, Жандосов көшесі бойымен консулдық ғимаратына дейін созылып жатқаны байқалады.
Сондай-ақ, бүгін Алматы, Орал, Астана және Өскемен қалаларында да сайлау учаскелері жұмыс істейтіні айтылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!