Алматыдағы ірі базарлардың бірінде тексеріс жүргізілді: саудагерлер 25 млн теңгеден аса айыппұл төлейді

Алматыдағы "Барыс-4" базарында сауда заңнамасын бұзудың мыңнан аса дерегі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті бірқатар ведомствомен бірлесіп, тексеріс жүргізген.

"Тексеріс нәтижесінде заң талаптарын бұзған кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 1 025 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 717 хаттама тауар бағасын теңгемен көрсетпегені үшін, ал 308 хаттама әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген 15 пайыз сауда үстемесін асырғаны үшін рәсімделді. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 25 миллион теңгеден асты", - деп жазылған хабарламада.

Бұдан бөлек, өңірлік комиссияның жұмысы барысында 18 делдалдың қызметі тоқтатылған.

Еске салайық, бұған дейін атышулы "Алтын орда" базарына да тексеріс жүргізіліп, кімдер бағаны көтергені белгілі болды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!