Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адам жұмбақ жағдайда өлі табылды

Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адам жұмбақ жағдайда өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әуезов ауданында орналасқан Жетісу шағынауданындағы пәтерлердің бірінде қайғылы жағдай болған. Пәтерден 33 жастағы ер адам өлі табылған.

"Алдын ала мәлімет бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Оқиға орнына жедел тергеу тобы келіп, тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Ер адам соңғы бірнеше айда қиын кезеңді бастан өткергені анықталды", - деді Алматы ПД өкілі.

Қазір оның араласқан ортасы және оқиғаға қатысы болуы мүмкін өзге де мән-жайлар зерттеліп жатыр. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!