Осыдан бір апта бұрын Алматыдағы №149 мектептің ата-аналары білім ордасының дәл жанынан өтіп жатқан арықтың жөндеу жұмыстарының 3 айдан бері аяқталмағанына наразылық білдірген еді. Massaget.kz тілшісі мәселеге байланысты құзырлы органдарға сауал жолдаған болатын.
Алматы қаласы әкімдігі шұғыла көшесіндегі асфальтбетон жабынының жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуын ауа-райының қолайсыздығымен байланыстырды.
"Асфальтбетон жабынын қалпына келтіру 2023 жылдың 31 тамызына жоспарланған болатын, алайда жауын-шашынның көп түсуіне байланысты жұмыстар ағымдағы жылдың 6 қыркүйегіне дейін аяқталады. Мектеп аумағында 1 қыркүйекте оқу жылының басталуына байланысты іс-шараларды өткізуді ескере отырып, 31 тамыздан 1 қыркүйекке қараған түні траншеяларды суық ірі түйіршікті асфальтбетон үгіндісімен толтыру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда борттық тастарды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Асфальт төсемін қалпына келтіруді ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде жүргізу жоспарлануда" - делінген хабрламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!