Алматыда Наурызбай ауданындағы "Алма" бақ қоғамында лай көшкіні жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 2015 жылдың 6 қыркүйегінде таңғы 8:29-да болды. Бақ учаскесіндегі топырақтың суарудан шамадан тыс ылғалданғаны хабарланып отыр.
Баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, лай көшкінінің жүруінің салдарын "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі жойды. "Қазіргі уақытта жол қалпына келтірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ".
Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Айта кетейік, төтенше жағдай болған жерде еріктілер жұмыс істеді. Кейін еріктілердің бірыңғай штабы құрылды. Апаттың салдарын жою үшін күніне 200-ге жуық ерікті жұмыс істеді.