- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдағы Наурыз мейрамы...
Алматыдағы Наурыз мейрамы Көк-Төбедегі "Көрісу күнімен" басталды
Алматыда Наурыз мейрамы Көк-Төбедегі "Көрісу күні" мерекесін атап өтумен басталды. Алматы қаласы әкімдігі қолдауымен ұйымдастырылған іс-шара көптің көңілінен шықты.
Мерекелік концерт сахнасында "КешYou", тобы, Мөлдір Әуелбекова, Айдар Тұрғанбек және "Алашұлы" ұжымы өнер көрсетті. Іс-шараны "Жаңа күн" прологымен "Алатау" дәстүрлі өнер театрының әртістері ашты.
Келушілер бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтап, бір-біріне жақсы тілектер айтты. Мереке би және күймен көмкеріліп, барлық қонаққа бауырсақ пен наурыз көже ұсынылды.
Концертке еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Оразалин, ҚР Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Құдайберген Бекіш, актриса Қаракөз Сүлейменова және басқалар қатысты.
Ақпаратты Алматы қаласы әкімдігі ұсынды
О. Сансызбай