Алматыдағы "Мохнатка" тауының баурайында құрғақ шөп өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"27 сәуір күні сағат 20:00-де Алматы төтенше жағдайлар департаментінің табиғи өртті сөндіру бойынша 30-дан астам жасағы және Іле-Алатау МҰТП-нің мен қызметкерлері өртсөндірушілері күректерімен, шанц құралдарымен Медеу ауданындағы Керей, Жәнібек хандар көшесі, 389-үйдің жанындағы "Мохнатка" тауының баурайына құрғақ шөп өртін сөндіруге жіберілді", - делінген хабарламада.
Қараңғы түсіп кетуіне байланысты техниканы қолдануға мүмкіндік болмаған, таудағы өрт шыққан жерге жаяу жеткен.
Сол сәтте 100 шаршы метр аумағында құрғақ шөптің жануы анықталды. Таралу қаупі жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!