- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдағы мейрамханада онлайн-казино...
Алматыдағы мейрамханада онлайн-казино заңсыз ұйымдастырылған
Заңды деп саналатын "Макао" ойын мекемесінде онлайн-казиноны заңсыз ұйымдастыру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Онлайн-казинода ойыншыға жеке басын анықтаусыз, қолданыстағы заңнамада белгіленген ережелерді бұза отырып, спорттық іс-шараларға ставка қоюға, яғни ойын үстелдері мен рулеткаларда ойнауға мүмкіндік берілген. Ойындар "Макао" казиносының ғимаратынан жүргізілген.
17 қаңтарға қараған түні Департаменттің жедел-тергеу тобы тінту жүргізді, оның барысында: 225,5 млн теңге, 15 мыңнан астам еуро, 719 мың рубль, 34 мың юань, 38,5 мың АҚШ доллары, ұялы телефондар, бухгалтерлік құжаттар, жүйелік блоктар, ресивер, бейнекамералар, мониторлар, флэш-карталар, серверлер мен бейнерегистраторлар табылып, тәркіленді.
Тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина