- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы қаласы
Алматыдағы метроның жаңа бекеттері қанша уақытта салынып бітеді?
Алматы әкімі Ерболат Досаев метроның жаңа бекеттері туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімге метроның жаңа бекеттері қай уақытқа дейін салынып бітеді деген сұрақ қойылды.
"Қазіргі заманауи құрылыс технологиялары бізге бұрын болған қиындықтарды болдырмауға мүмкіндік береді. Метро құрылысы норматив уақыттан үнемі өзгеріп отыратын еді ғой. Сарыарқа мен Бауыржан Момышұлы метро желілерін 3,5 жыл орнына 7 жыл салынды. Қалқаман 2020 жылдан әлі салынып жатыр, бар болғаны 1,9 шақырым. Қазіргі заманауи технологиялар арқасында тез салынып жатыр. Сондықтан біз технологиялық тұрғыдан тез салып беруге дайын серіктес таңдаймыз. Тағы 5-7 жылға сала алмаймыз. Менің ойымша, оңтайлы уақыт 3,5 жыл, бұл екі желіге де қатысты. Екеуін бір уақытта салу жоспарда бар", - деді ол.
Бұдан басқа, журналист Алматы әкімдігі метро салуға қытайлық банктен несие ала ма деген сұрақ қойды.
Оның айтуынша, қазір тек қытайлық банкпен емес, сонымен қатар басқа да несие берушілермен, Халықаралық қаржы институттарымен келіссөздер жүріп жатыр. Ерболат Досаев метро салуға 1 миллиард доллар қарызға алынуы мүмкін екенін айтты.
Еске салайық, бұған дейін Алматы метросында әуежайға дейін созылатын тағы сегіз станция іске қосылады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек