Алматыдағы метро станциясынан Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті алынып тасталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Алмалы" станциясының вестибюліндегі витраж паннолардың бірінде ілініп тұрған Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың фотосы жоғалып кетті.
Алматы метросының баспасөз қызметі бұған қатысты түсінік берді.
"Сурет жақтауы мен әйнегі сынғаннан кейін демонтаж жасалды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Назарбаевтың фотосуреті 2011 жылғы 1 желтоқсанда Алматыда метро іске қосылғалы бері тұрған. Оны "Алмалы" станциясындағы витраж панносының үстіне суретшілер Ғазиз Ешкенов пен Айдар Жамхан орнатқан.
Түрлі-түсті шыны паннода гүлдеп тұрған алма ағашы бейнеленген, ал фотода экс-президент алма ағашының бұтағына қарап тұрған еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!