Алматыдағы мешіттерде ер адам намаз уақытында қылмыс жасаған (видео)

Алматыдағы мешіттерде ер адам намаз уақытында қылмыс жасаған (видео)
Фото: ІІМ

Алматыда мешіттерде ұрлық жасаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күдікті жамағаттан ұялы телефондар, әмияндар және өзге де жеке заттарды жасырын түрде ұрлағаны анықталған.

Тергеу деректеріне сүйенсек, күдікті намаз уақытын, жұрттың бейқамдығын пайдаланып, қылмысын жасырын жүзеге асырған.

"Осы оқиғаларға қатысы бар күдікті ұсталып, әрбір дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget