- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдағы мектептердің бірінде...
Алматыдағы мектептердің бірінде 7 жастағы бала зорланды деген ақпарат тарады
Құқық қорғау органдары Алматыдағы мектептердің бірінде 7 жастағы бала зорланды деген мәліметті тексеріп жатыр. Полиция қызметкерлері анасының оқушыға зорлық көрсетілді деген сөзінен кейін қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бірінші сынып оқушысының жәбір көргені туралы ақпаратты анасы хабарлады. Әйел 7 жастағы балаға не болғанын егжей-тегжей сипаттап, видеоға түсіріп алған.
Алматы полиция департаменті қызметкерлерінің айтуынша, бұл дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.
"Істің объектив мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы бақылауда", - деді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.
Қылмыстық істі Бостандық ауданы әкімдігінің полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 121-бабы "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тергеп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексiнiң 201-бабының талабына сәйкес өзге де мәлiметтер жария етуге жатпайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек