Алматыдағы Марков көшесінде төрт күнге қозғалыс шектеледі

Алматыдағы Марков көшесінде төрт күнге қозғалыс шектеледі
Фото: depositphotos.com

Алматыда Марков көшесінің бір бөлігінде 4 тамызға дейін қозғалыс шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы жылыту маусымына дайындық жүргізу мақсатында Алматының Бостандық ауданында жылу желілері жаңғыртылып жатыр. Осы жұмыстар аясында 1983 жылы пайдалануға берілген ұзындығы 1,5 шақырым болатын жылу трассасы ауыстырылып жатыр.

"Осыған байланысты 1 тамыз сағат 11:00-ден бастап 4 тамыз сағат 07:00-ге дейін Марков көшесі мен Бұқар Жырау бульварының қиылысында көлік қозғалысы уақытша жабылады", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget