Алматыдағы LRT-ға қатысты жаңа мәлімет пайда болды

Алматыдағы LRT-ға қатысты жаңа мәлімет пайда болды
Фото: Tengrinews.kz

Алматы әкімдігі LRT құрылысына қатысты жаңа мәлімет жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, қазіргі техникалық-экономикалық негіздемеде тек жол төсеу, эстакадалар мен бекеттер тұрғызу, инженерлік желілер тарту қамтылған. Вагондар құны бұл сомаға кірмейді.

"Вагондарды сатып алу жеке жоба аясында жоспарланған. Ол бойынша тиісті құжаттама әзірленіп, кейін белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптамадан өткізіледі", - деп жазылған хабарламада.

Әзірге Алматыға LRT вагондарын жеткізуші таңдалмаған. Қазір мамандар техникалық сипаттамаларды пысықтап жатыр. Дегенмен негізгі параметрлері белгілі болды:

  • Сыйымдылығы: 165 жолаушы (отыратын және тұратын орындарды есептегенде);
  • Орташа қозғалыс жылдамдығы: сағатына 20 шақырым.

LRT жобасының түпкілікті құны мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін анықталады.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Төле би көшесінің Саин көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейінгі аралығында трамвай рельстерін демонтаждау жұмысы басталды. Әкімдік бұл жұмыстар болашақ LRT желісінің құрылысына дайындық екенін хабарлады. 

2026 жылғы мамыр / © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм

Еске салайық, ұзындығы 18,3 шақырым болатын алғашқы LRT желісі Төле би көшесімен өтіп, әрі қарай Абылай хан даңғылы арқылы Алматы-2 вокзалына дейін, сондай-ақ, Момышұлы көшесі арқылы Алатау ауданындағы Индустриялық аймаққа дейін барады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget