Алматыдағы лицейлердің бірінде оқушы өзіне қол жұмсамақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, Алматыдағы лицейлердің бірінде оқушының өз-өзіне қол жұмсауға тырысқаны және жан сақтау бөлімінде жатқанды туралы ақпарат шыққан. Бұл дерек бойынша тергеу басталған.
"Алдын ала болжам бойынша бұған ата-анасымен болған жанжал себеп болуы мүмкін. Жағдайлар мен себептер анықталып жатыр. Қыз ауруханада. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - деді Алматы қаласы ПД өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!