Бүгін түнде Алматыдағы Медеу ауданында лай көшкіні жүріп, тұрғын үйлерді басып қалды. Үйлерде төрт адам болған. Massaget.kz тілшісі оқиға орнында не болып жатқанын баяндайды.
Қазір үйлер қоршауға алынған.
Фото: Massaget.kz
Оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлері де бар.
Фото: Massaget.kz
Құтқарушылардың алдыңғы легі шықты.
Фото: Massaget.kz
Бұл - лай көшкіні жүрген ауданда 30 жылдан бері тұратын тұрғын Айшагүл Ерманова. Ол түнде оқиға қалай болғанын Massaget.kz тілшісіне айтып берген болатын.
"Далаға шықсам тау құлап жатыр" - Алматылық тұрғын лай көшкіні туралы
Іздеу жұмыстарына иіс сезгіш иттер де тартылды.
Еске салайық, 8 ақпанда түнгі сағат 02-20-да Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануынан лай көшкіні жүргені хабарланды. Төтенше жағдай салдарынан үйлерге зақым келді. Көлемі 3200 текше метр болатын жылжыма түскен. Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген.
Кейінірек Алматы әкімі Ерболат Досаев лай көшкіні болған жерге барып, шұғыл түрде көшпелі кеңес өткізді.
Ал Төтенше жағдайлар департаменті өкілі тұрғын үйлердің бірінің астында төрт адам қалуы мүмкін екенін, оның екеуі бала, екеуі ересек адам екенін мәлімдеп, құтқару жұмыстары жүріп жатқанын айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!