Алматыдағы қоймадан шыққан өрт оқшауланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сағат 12:28-де қабылданған шаралардың арқасынла өрт оқшауланды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда қойма өртенгені хабарланған еді.
Ведомство мәліметінше, 17 ақпанда сағат 10:40-та Алматыда Жетісу ауданы Көкмайса-27 шағынауданында өрт шыққан. Оқиға орнында ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәреже бойынша жұмыс істеп жатыр.
Алдын ала мәліметтер бойынша, қойманың төбесі жанған. Жақын орналасқан әкімшілік ғимаратты қорғау үшін өрт сөндіруге және қорғауға өрт оқпандары енгізілді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!