Алматыдағы қоймада шыққан өрт толығымен сөндірілді

Алматы қаласы Түрксіб ауданы Стасов көшесінде орналасқан қойма ғимаратындағы өрт ауыздықталды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Өрт сөндірушілер жеткенге дейін ғимараттан ашық жалын көрініп, қою түтін тараған.

Қойманың конструкциялық ерекшеліктері мен ішіндегі жанғыш материалдардың көп болуы өрт сөндіру жұмыстарын қиындатқан. Оқиға орнында су толықтай қамтамасыз етіліп, бөлімшелер жалынды оқшаулау және толық сөндіру жұмыстарын жүргізген.

Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің нәтижесінде өрт көршілес қойма ғимараттарына таралған жоқ.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!