- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдағы көкөніс дүкеніндегі...
Алматыдағы көкөніс дүкеніндегі атыс: полиция видеоға қатысты түсінік берді
Желіде Алматыдағы азық-түлік дүкенінде болған атыстың видеосы тарады. Полицейлер оқиғаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрларда ер адамның қаладағы дүкендердің бірінде атыс қаруынан қалай оқ атқаны көруге болады. Тағы үш адам одан сабыр сақтауды өтінді, бірақ бұдан нәтиже болмаған.
Полицияның хабарлауынша, оқиға былтыр желтоқсан айында болған.
"Алматы полиция департаменті бұзақылық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің алғашқы тергеу шараларының деректерін ескере отырып, келесі күні полиция департаментінің тергеу бөлімімен "адам өлтіруге оқталу" санатына ауыстырылғанын, күдікті ұсталып, қамауға алынғанын хабарлайды", - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.
Сондай-ақ полицейлер тергеудің барысы департамент басшылығының бақылауында екенін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан